384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң жобасы қаралды

  • 511
Мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң жобасы қаралды

Бүгін Мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды.

Құжатта Қазақстан бекіткен БҰҰ-ның мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары туралы конвенциясы шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, оның тәртібін әзірлеп, бекітуге уәкілетті органның құзыретін нақтылау және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін заңдастыру жөніндегі түзетулер қарастырылған.

Сондай-ақ «Қайырымдылық» пен «Сыртқы барлау туралы» заңдар да қамтылды. Ал арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін әлеуметтік қорғау шаралары әлде де күшейтіледі. Жалпы заң жобасына сәйкес 16 заңнама актісіне, оның ішінде 3 кодекске түзету енгізу жоспары бар.

Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Бұл заң жобасын іске асыруға қажетті шығыстар 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттен мынадай сомада көзделген: 2018 жылға 32 млрд теңге, 2019 жылға 30,8 млрд теңге, 2020 жылға 29,6 млрд теңге.

Хабар 24 телеарнасы