366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Н.Әбдібековті қабылдады

  • 650
  • UPD: 20:54, 05.02.2018

Елімізде жалпы сомасы 307 млрд теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Ал бүгінге дейін оның тең жарымынан астамы өтелген. Бұл былтырғы заң бұзушылықтар. Елбасы алдында қазына қаржысының әр тиынына дейін есеп берген Есеп комитетінің төрағасы осындай деректерді келтірді.

Нұрсұлтан Назарбаев бюджет қаражатын тиімді пайдалану ісін барынша жіті бақылаудың маңыздылығына тоқталды. Ал заң бұзушылыққа жол бермеу үшін жүйелі шаралар қарастыру қажет деді. Өңірдегі тексеру комиссияларының жұмысын үйлестіріп, олардың қызметін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу ісінде Есеп комитеті маңызды роль атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ комитет төрағасына «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң нормаларының іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекеттік және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру бойынша да бірқатар міндеттер жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз аудит жөнінде заң қабылдадық. Сол заң қабылданғаннан кейін сен келдің. Сондықтан Есеп комитетінің алдында тұрған мақсат, соны сараптап, баға беріп мемлекеттің жіберіп жатқан қаражаты қалайша қолданылады? Қандай кемшіліктер бар? Оның ар жағында экономикаға, халықтың жағдайын жасауға қандай ықпалы бар?

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Есеп комитетінің төрағасы: 

- Тексеруге іліккен нысандардың саны артып, 354-ке жетті. 307 млрд теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды. Бүгінде оның 198 жарым млрд теңгесі қайта қалпына келтірілді. Айта кетейік, былтыр қаржыны тиімсіз игеру дерегі 2016 жылмен салыстырғанда азайды.

Хабар 24 телеарнасы