Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев корей парламентінің спикерін Қазақстанға шақырды

  • 618
  • UPD: 13:00, 09.02.2018
Қ.Тоқаев корей парламентінің спикерін Қазақстанға шақырды

Пхенчхан қаласында өтетін Олимпиада ойындарының ашылуына Қазақстан Парламентінің атынан Сенат депутаты Георгий Ким қатысады.

Бүгін ол Сеулде Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чон Се Гюнмен кездесті. Георгий Ким Оңтүстік Корея парламентінің спикерін Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қазақстандық сенатордың пікірінше, бұл сапар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Сондай-ақ кездесу барысында Сеулмен арадағы саяси, экономикалық өзара әріптестік пен Қазақстанның XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы жайы пйысықталды.

Георгий Ким, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Жиырма үшінші Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі шақырылған болатын. Бірақ жұмыстан қолы босамағандықтан, ол міндетті маған тапсырды. Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, оның және делегацияның атынан Қазақстан Республикасы спортшыларына сәттілік тілеймін. Соңғы уақытта Елбасы осы салаға көп көңіл бөліп келеді. Спортшылар үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Олимпиада қорытындысы бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы