374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы пікірі: Жолдау ел экономикасының жоғары деңгейде жоспарланып отырғанын көрсетеді

  • 298
  • UPD: 19:48, 13.02.2018

Қазақстан Президенті өз Жолдауында елдің тұрақты дамуы үшін 10 басым бағытты белгілеп берді.

Осы ауқымды жоспардың арқасында республика аймақтағы көшбасшылығын сақтап қана қоймай, әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосылады. Литвалық танымал публицист Марис Краутманис біздің тілшімізге осындай ой-пікірін айтты.

Марис Краутманис, публицист:

– Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы Қазақстанның Орталық Азия аймағында экономика, мәдениет басқа да салалар бойынша көшбасшы екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр. Мемлекеттің жақсы құқықтық және тиімді салықтық жүйесі инвестицияға да қолайлы. Президент Жолдауы ел экономикасының жоғары деңгейде жоспарланып отырғанын көрсетеді. Өйткені нарықтық экономика алдымен жоспарланып, қандай бағытта дамитындығы анықталуы қажет. Сондай-ақ Жолдауда айтылған басты бағыттардың бірі қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологиялар мен инновацияны пайдалануға баса мән берілуі екенін атап өткім келеді.

Осы категория бойынша: « ҚР ОСК: Дархан Мыңбай Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді Елбасы тапсырмаларын орындау бойынша министрліктердің жоспарлары Үкіметте қаралды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы