389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының ССTV телеарнасына берген сұхбатын сарапшылар талқыға салды

  • 419
  • UPD: 22:01, 19.02.2018

Елбасының Қытай орталық телеарнасына берген сұхбатын сарапшылар талқылап, пікір білдіріп жатыр.

Саяси шолушы Иннокенти Хуан «Диалог» бағдарламасында сұхбатқа жан-жақты талдау жасаған. «Бұл екі мемлекеттің арасындағы жоғары достық әріптестікті әрі президенттердің өзара сенімін білдіреді», – дейді ол. Бұдан ары сарапшы көрші елдердің жаңа экономикалық даму бағытын таңдағанына тоқталып, баламалы энергетика саласында ынтымақтастық орнатудың зор мүмкіндіктері бар екенін айтты. Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы өзара ұштасып, қарым-қатынастың тың бағыттарын ашып берді. Екі ел инфрақұрылымдық құрылыс қана емес, логистика және инновацияны бірлесіп дамытуға мүдделі деп атап өтті ол.

Иннокентий Хуан, саяси шолушы:

– Президент екі ел арасындағы ең маңызды бағыттарға тоқталып кетті. Қытай мен Қазақстанның ШЫҰ аясында үш қатерге бірлесіп қарсы тұру мәселесіне басымдық бергеніне көңіл аудардым. Сұхбаттан Нұрсұлтан Әбішұлының шынайы, жауапты саясаткер ретіндегі елінің жан-жақты дамуына ерекше мән беретін тұлға деп бағаладым.

Хабар 24 телеарнасы