378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Өкімімен Л.Прокопенко ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

  • 938
  • UPD: 00:07, 21.02.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Леонид Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Елбасы қабылдауында Леонид Прокопенконың саладағы тәжірибесін атап өтіп, сенім білдірді. Сондай-ақ Ассамблея аясында атқарылар мақсат-міндеттерге қатысты бірқатар тапсырмалар берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Давно вы работаете в Ассамблее. В Аппарате работали. Сейчас хочу назначить вас своим заместителем по Ассамблее народа Казахстана. Опыта достаточно. Знаете культурные центры все, областные организации. Как вы относитесь к этому?

Леонид Прокопенко, ҚХА Төрағасының орынбасары:

- Маған үлкен сенім артып отырғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Үмітіңізді ақтауға тырысамын. Бұл маған жүктелген үлкен жауапкершілік, әрі ауқымды жұмыс орны. Алайда ассамаблея қазіргі таңда қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға арналған бірегей  институттардың бірі. Әрине Ассамблея сіз үшінші жаңғыру және рухани жаңғыру аясында қойған тапсырмаларды орындап, жұмыстың нәтижесін көрсету керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы гордимся Ассамблеей. Первое марта – день создания нашей Ассамблеи. День благодарности наших этносов друг другу. Благодаря этому страна стабильная, развивается. Есть хорошее взаимоотношение, доверие между людьми. Это очень важно. Учитывая ваш опыт в этой отрасли давайте будем работать. Очень важно, чтобы региональные все культурные центры активно работали и разъясняли среди людей все, что мы делаем.

Хабар 24 телеарнасы