389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде өтетін президент сайлауын Қазақстаннан 170 байқаушы қадағалайтын болады

  • 526
Ресейде өтетін президент сайлауын Қазақстаннан 170 байқаушы қадағалайтын болады

Ресей Федерациясында 18 наурыз күні президенттік сайлау өтеді.

Соған байланысты еліміздің орталық сайлау комиссиясы Қазақстан атынан сайлауға байқаушы ретінде қатысатын азаматтардың тізімін жасады. Осыған орай, «Ресей Федерациясының президенті сайлауына халықаралық бақылауға дайындық» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Шара барысында байқаушылар сайлау жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, құқықтық жағынан кеңестер алды. Басқосуға президент сайлауына түрлі халықаралық ұйымдардың миссиялары құрамында қысқамерзімді бақылаушы ретінде жіберілетін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Зәуреш Баймолдина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– ТМД байқаушылар миссиясының құрамына 129 азамат кіреді. ШЫҰ-ның байқаушылар миссиясына 3 азамат және де ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының миссиясына 38 қазақстандық азаматтары енгізіледі. Барлығы – 170 адам. Тағы бір ұзақмерзімді байқаушы Ресейде өзінің міндетін атқарып жатыр.

Дмитрий Гладей, ТМД ПАА Кеңесі хатшылығы басшысының орынбасары:

–Бізді сіздердің елдеріңіздің арнайы шақырып отырғаны қуантады. Байқаушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Әрине, мұндай шаралар өте қажет. Сайлау құқықтарын сақтау жөнінде біраз ой бөлістік.

Хабар 24 телеарнасы