384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенатта азаматтық қоғам қалыптастыру мәселесі талқыланды

  • 732
  • UPD: 22:03, 28.02.2018

Азаматтық қоғамның дамуына мемлекет жағдай жасауы қажет. Сәйкесінше еліміздегі коммерциялық емес ұйымдар да жыл сайын салалық министрлікке есеп беріп отыруы тиіс.

Сенатта бас қосқан мамандар осындай мәселелер төңірегінде әңгіме қозғап, азаматтық қоғамға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыруға байланысты заңнамалық база жасалды. Алдағы жылдан бастап, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс қаражатын бөлу процесі ашық өтеді. Қазір қоғамда әлеуметтік салаларға қатысты мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес ұйымдарға беру мәселесі талқыланып жатыр. Алайда оларға деген сенім аз. Бүгінгі дөңгелек үстелде осы мәселе жан-жақты талқыланып, үкіметке бірнеше ұсыныс әзірленді.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Сол ұсыныстың ішіндегі ең үлкені мемлекеттік функциялардың бөліктерін азаматтық қоғамға болмаса, үкіметтік емес ұйымдарға беру және олардың қаржыландыру мәселесін шешу. Бұл бірінші мәселе. Екінші мына коммерциялық емес ұйымдар туралы арнайы заң бар ғой. Сол коммерциялық емес ұйымдардың салық мәселесіне байланысты проблемалары, салық базасы оның ішінде табыс салығы бар, жаңағы корпоративтік салықтар бар, осы мәселелерді де азайтуға біз жұмыс жасауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы