378,86 417,79 6,08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

  • 708
Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста қазақстандық мұнай сервисінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ТКШ дамыту, сондай-ақ кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды.

Талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары Е. Досаев пен А. Жұмағалиев, қаржы министрі Б. Сұлтанов, энергетиканың бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов, инвестициялар және даму вице-министрі Қ. Өскенбаев, сондай-ақ Сараптама кеңесінің мүшелері: «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, Globalink Logistics Group бас директоры С. Хан, Raimbek Group директорлар кеңесінің төрағасы Р. Баталов, PWC өкілі Н. Ефимчук, «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы Қ. Алпысбаев, Astana Group президенті Н. Смағұлов, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Д. Жүнісова қатысты.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы