389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: ҚР Президентінің бес бастамасы өзге мемлекеттерге үлгі болары сөзсіз

  • 573
  • UPD: 12:19, 06.03.2018

Салық ауыртпалығын азайту, қолжетімді ипотека, сапалы білім, шағын кәсіпкерлікті дамыту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. Елбасының осы бес бастамасы жақын арада ел экономикасына жаңа серпін берері сөзсіз.

Бұл ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстан әлеуметтік мемлекет моделін құрады. «Бұл бастама өзге мемлекеттерге үлгі болары сөзсіз», – дейді Ресейдің аймақ мәселелері жөніндегі институтының бас директоры Дмитрий Журавлев.

Дмитрий Журавлев, Ресейдің аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

– Мұның бәрі жаңа экономикаға лайықты қызметкерлерді дайындауға жол ашатын халықтың тұрмыс деңгейі мен білім деңгейін қалыптастыруы тиіс. Бұл модель өзге елдерге үлгі болмақ. Қазақстан тұрмыс деңгейі бізбен шамалас мемлекеттер арасынан алға шығатын түрі бар.

Хабар 24 телеарнасы