376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Корея тарабы парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты

  • 528
  • UPD: 19:42, 13.03.2018

Корея Ұлттық ассамблеяның төрағасы Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровпен де кездесу өткізді.

Жиында тараптар екі елдің парламентаралық ынтымақтастықтығын нығайтуға уағдаласты. Чон Се Гюн қазақстандық парламентшілерді іс-сапармен Кореяға шақырды.  Ұлттық ассамблеяның төрағасы «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген мақсаттарды қолдайтынын жеткізіп, Қазақстанға жер аударылған этникалық корейлерге көрсеткен көмегі үшін қазақ халқына алғыс айтты. Ал Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров ЕХРО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді түрде қатысқаны үшін Кореяға алғыс айтты. Ол корей бизнесінің біздің елімізде ғылыми тұрғыда қамтылған, жоғары технологиялық өндірісті дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға белсенді қатысуына Қазақстан мүдделі екенін атап өтті. Кездесуге Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко, сенаторлар Георгий Ким, Еділ Мамытбеков және Нұржан Нұрсипатов қатысты.

Хабар 24 телеарнасы