385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дархан Кәлетаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

  • 1321
  • UPD: 21:58, 04.04.2018

Қазақстан Президенті Д.А. Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты Дархан Кәлетаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты өкілеттігі тоқтатылды, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын».

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                            Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы  4 сәуір

 

Хабар 24 телеарнасы