389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар «Тастөбе-Агрофуд» тауарлы-сүт фермасының тыныс-тіршілігімен танысты

  • 790
  • UPD: 07:41, 05.04.2018
Депутаттар «Тастөбе-Агрофуд» тауарлы-сүт фермасының тыныс-тіршілігімен танысты

Мәжіліс депутаттары Алматы облысында болып, Үштөбе ауылындағы «Тастөбе-Агрофуд» тауарлы-сүт фермасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Мұндағы Германиядан әкелінген сементал тұқымды ірі қара саны 300 басқа жуықтап қалған. Кәсіпорын Қаратал ауданының орталығындағы сүт өңдеу зауытына күніне 1 мың 500 тонна сүт өткізеді. Бұл шаруашылық 100 шақты адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кездесуде оларға Елбасының бес әлеуметтік бастамасы жан-жақты түсіндірілді. Ал ауылшаруашылығы саласына маман даярлайтын «Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің» оқытушылары мен студенттерін тұрғын үй мен жатақхана мәселесінің шешімін таба бастағаны қуантады. Қазір мұнда 300-ден астам шәкірт білім алып жатыр.

Асылбек Смағұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Елбасының бес әлеуметтік бастамасын осы халыққа түсіндіру мақсатында ел аралап жүрміз. Халық үлкен қуанышпен, ризашылықпен қабыл алып жатыр. Жергілікті жерде осы бастаманы қолдап жатыр. Сонымен қатар осы бастамаға қатысты қашаннан бастап басталады? Берілетін заемдарды теңгемен бере ме, әлде басқа валютамен бере ме? Халықтың арасында сондай сұрақтар туындап жатыр. Сол сұрақтарға біз жауап беріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы