383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілістің жалпы отырысында валюталық реттеу туралы заң жобасы қаралады

  • 499
  • UPD: 07:21, 11.04.2018
Мәжілістің жалпы отырысында валюталық реттеу туралы заң жобасы қаралады

Валюталық реттеу және валюталық бақылау.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы құжатқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар таныстырылады. Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтетін алқалы жиында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндама жасайды. Сондай-ақ отырыста «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы қаралады. Бұл ретте құжаттың басым бағыттары Президенттің бес әлеуметтік бастамасына сай жетілдірілуі тиіс. Бұған қоса төменгі палата Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы өндірісте орын алатын оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібін және Қазақстан мен Иорданияның азаматтық қорғаныс саласындағы әріптестік келісімдерін бекітпек.

Хабар 24 телеарнасы