385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оразғали Селтеев: Ресей мен бірлескен Батыс елдері тікелей қақтығысқа бармайды

  • 419
  • UPD: 07:38, 15.04.2018
Оразғали Селтеев: Ресей мен бірлескен Батыс елдері тікелей қақтығысқа бармайды

Қос тарап та мәселені дипломатиялық жолмен шешуге мүдделі.

Бұл – саясаттанушы, Әлемдік экономика және саясат институтының бас сарапшысы Оразғали Селтеевтің пікірі. Маманның айтуынша, ресми Мәскеу мен батыстық коалиция көпшілік болжап отырғандай әскери әрекеттерге жол беруі екіталай.

Оразғали Селтеев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы ӘЭСИ бас сарапшысы:

- Бүгін Макрон мен Путин телефон арқылы сөйлесті. Өздеріңіз білесіздер, Франция – Сирияға соққы жасаған елдердің бірі. Сондықтан олар да бұл мәселенің шешілуіне мүдделі. Қазір барлығы Ресейден жауап күтіп отыр. Алайда ресми Мәскеу әскери әрекеттерге барады деп айту қиын. Себебі тікелей қақтығысуды ешкімнің қаламайтыны белгілі.

Хабар 24 телеарнасы