387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық саясаттанушы Сириядағы жағдайға байланысты пікір білдірді

  • 450
  • UPD: 13:38, 15.04.2018

Жеті жылдан бері үзілмей келе жатқан Сирия дағдарысы мемлекетаралық қарулы қақтығысқа ұласты.

«Қауіптің өршіп кетпеуі үшін Сирия үкіметі оппозиция алдында берілуі керек», – дейді саясаттанушы Саин Борбасов. Сондай-ақ ол Астана процесі Сириядағы әлеуметтік мәселені шешуге сеп болғанын атап өтті.

Саин Борбасов, саясаттанушы:

- Қашқындардың қайтып келуіне, олардың гуманитарлық көмек алуына, гуманитарлық жолдардың ашуылуына, оған гуманитарлық жүктің жеткізілуіне Астана процесінің үлкен жақсылығы болды. Оны Сирия оппозициясы да, үкіметі де түсініп отыр. Бүкіл әлем оны түсініп отыр. Бірақ соғыстың – аты соғыс. «Баспандап кірген ауру мысқалдап шығады» дейді ғой. Астана процесі соның бір мысқалдаған көмегі.

Хабар 24 телеарнасы