387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Федерика Могерини: Сириядағы жағдай шахмат ойыны емес

  • 646
  • UPD: 18:01, 25.04.2018

Әскери эскалация Сириядағы саяси ахуалды тұрақтандыруға қауқарсыз.

БҰҰ мен Еуроодақ Идлибтегі гуманитарлық жағдайға алаңдаулы. Идлиб Алеппоның кебін кимеуі тиіс. Бұл туралы  БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы уәкілі Стаффан де Мистура Брюссельдегі Сирия Араб Республикасының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуден кейінгі брифингте мәлімдеді. ЕО дипломатиясының басшысы Федерика Могерини Астана процесі Сириядағы жағдайды жақсартуға үміт сыйлағанын, алайда қазіргі уақытта кепілдік беруші елдер бұл елде бітімгерлікті нығайтуға күш салуы қажет екенін атап өтті. Ол Сириядағы ахуалды гео-саяси ойын ретінде қабылдамауға шақырды. Сонымен қатар ертең Сирияның және аймақтың келешегі туралы халықаралық донорлық конференцияда Қазақстанның қатысуымен аталмыш елдің жағдайын саяси реттеу туралы пікірталас өтетінін айта кету керек.

Федерика Могерини, ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Сириядағы жағдай шахмат ойыны емес. Сирия тек өз еліне тиесілі. Сондықтан да тек халық қана мемлекет болашағын айқындай алады. Бұрын Астана процесі елдегі әскери қақтығысты сейілтуге септігі тиер үміт сыйлаған болатын. Астана процесіне қатысқан кепілдік беруші үш мемлекет Сириядағы шиеленісті реттеуге мүдделі деп сенемін.

Стаффан де Мистура, Сирия жөніндегі БҰҰ арнайы уәкілі:

- Бұл өте маңызды сәт деп ойлаймын. Астанада үш кепілдік беруші мемлекет бітімгерлік процесіне ықпал етті және үміт үдесінен шыға білді. Бұл шынымен де деэскалация болған еді. Бірақ біз соңғы уақытта эсклацияның өршіп бара жатқанын байқап отырмыз. Сондықтан да эскалацияны жою бағытындағы шаралар мәреге жетеді деп сенеміз. Соңғы апталарда әскери және жерді жаулап алу, әскери эскалация Сириядағы жағдайды оңалта алмайтынына көзіміз жетті. Керісінше, біз қиын сәттерді бастан өткеріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы