389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ШЫҰ форумының XIII отырысы басталды

  • 419
  • UPD: 11:17, 04.05.2018
Астанада ШЫҰ форумының XIII отырысы басталды

Елордада Шанхай Ынтымақтастық ұйымы форумының XIII отырысы басталды.

Бұл кездесуді әлемдік экономика және саясат институты мен cыртқы істер министрлігінің мамандары ұйымдастырып отыр. Ұйымға мүше елдердің ғалымдары 5 панельдік сессия аясында қазіргі таңдағы басты қауіп-қатерлерді анықтап, ары қарай даму жолдарын қарастырады. Форумға Қытай, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Иран, Ауғанстан, Беларусь Республикасы және Орталық Азия мемлекеттерінен өкілдер келген. Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев ,Шанхай Ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының саммиті кезінде ғаламдық мәселелер тілге тиек болатынын атап өтті. Дүние жүзінде қайшылықтар көбейіп, экономика ентіге бастаған тұста талқыға түсер тақырыптар арта түсетіні анық. Ал Астана форумына келсек, ертең іс-шараның соңында екі күн бойы талқылауда болған негізгі тезистер көрсетілген ХІІІ отырыс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы