385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана процесінде Сирияның төрт аймағындағы ахуал қаралады

  • 301
  • UPD: 14:01, 14.05.2018

Елордада Сириядағы жағдайды реттеуге байланысты Астана процесінің тоғызыншы кезеңі басталды.

Қандай мәселелер көтеріледі, кімдер келді, кімдер келуі тиіс? Келіссөздер барысы қалай өрбуде?

Мирлан Алтынбек, тілші: 

- Келіссөздер жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Бізге мәлім болғаны Сирия үкіметінің делегациясын Башар Джаафари бастап келді. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерді де қатысып жатыр. Ал ұйым бас хатшысының Сирия мәселесіне жауапты арнайы өкілі Стаффан ди Мистура Астанаға бүгін түнде келуі тиіс. Сол сияқты Сирия оппозициясының өкілдері де біздің елді бетке алған секілді. Бұйырса олар да таң атқанша Астанаға келеді. Демек, келіссөздер ертең де жалғасады. Талай мәселеге шешім табылатын секілді. Елордаға Сириядағы ахуалды талқылау үшін Ресей мен Иранның және Түркияның өкілдері келді. Ресей делегациясын Сириядағы мәселелер жөніндегі ел президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастаса, Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал да өз елінің атынан сөз ұстауға бекінді. Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Ансариға сенім артыпты. Басқосу барысында Сирияның төрт аймағындағы яғни Шығыс Гута, Хомс, Идлиб және елдің оңтүстігіндегі жағдайға қатысты ой бөлісіп, пікір айтады. Бейбіт өмірге деген Ел сенімнің нығаюы, гуманитарлық көмек жөнінде де әңгіме өрбиді деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы