389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана процесіндегі әрбір кезең Сириядағы ахуалды жеңілдетуге елеулі үлес қосты

  • 479
  • UPD: 15:59, 14.05.2018

Сирия бейбітшілікке бөленсе оған Қазақстанның үлес қосқаны. Сегіз бірдей кезеңде қадау-қадау мәселе қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Мысалы, алтыншы кезеңді алайық. Сириядағы деэскалация аймақтарын құру мәселесі толық шешілді. Ресей Президентінің Таяу Шығыс еліндегі жағдайды реттеу бойынша арнайы өкілі Александар Лаврентьев Сирияны қауіпсіз төрт аймаққа бөлу жайы жан-жақты талқыланды деген болатын. Жалпы бұл шешімнің жүзеге асуына мұрындық болған төртінші процесс. Сол кезде Сирияда алты жылдан бері тоқтамай тұрған азаматтық соғысты бейбіт жолмен реттеуге ұмтылды. Атап айтқанда Ресейдің бастамасы бойынша, қауіпсіздік аймағы құрылатын болды. Ең ірі шабуыл болған Хомс, Идлиб, Шығыс Гута және оңтүстік аймақта әскери әрекеттер бір күннің ішінде тоқтауы тиіс еді. БҰҰ Сирия мәселесі бойынша арнайы уәкілі Стаффан Ди Мистура тараптарды тіл табысуға шақырды. Күрделі ахуалды жеңілдету, оқ атуды тоқтату келісіміне қосылған аудандар үшін ережелерді әзірлеу мен әскери әрекетті тоқтату режимін күшейтуге қатысты келіссөздер жүрді.

Хабар 24 телеарнасы