384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия қарулы оппозициясының өкілдері елордадағы келіссөздерге қатысуға келді

  • 328
  • UPD: 13:30, 15.05.2018

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесі бүгін де жалғасып жатыр.

Басқосуға қатысу үшін Сирия оппозициясының өкілдері елімізге келді. Айта кетейік, кеше үкімет мүшелері мен кепіл елдер арасында екіжақты және көпжақты келіссөздер жүргізілді. Қазір де басқосу жалғасып жатыр.

Жаһан жұртының назары ауған жиын бүгін де жабық есік жағдайында өтіп жатыр. 24 адамнан құралған оппозиция өкілдері Астанаға таңертең келіп жетті. Делегацияны Ахмад Тома басқарып келді. Қазір екіжақты және үшжақты келіссөздер басталып кетті. Ал түскі сағат 3-те пленарлық отырыс өтеді. Оған Башар Джаафари бастап келген Сирия үкіметінің делегациясы мен қарулы топ өкілдері және Сирия мәселесі жөніндегі кепіл елдер мен БҰҰ-ның өкілдері қатысады деп жоспарланған. Ресейлік делегация өкілі Александр Лаврентьевтің айтуынша, Сирия мәселесі жөніндегі кепіл елдер – Ресей, Иран және Түркия өкілдері отырыстан соң бірлескен мәлімдеме жасауы мүмкін. Бірақ әзірге бұл жөнінде айту ертерек. Мүмкін түстен кейін қандай да нақты мәлімет айтыла жатыр. Бірақ анығы – Сирия бейбітшілікке бөленсе оған Қазақстанның үлес қосқаны. Бұған дейін өткен сегіз бірдей кезеңде қадау-қадау мәселе қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы