386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы уақытта еліміздегі сот жүйесі өзгеруі мүмкін

  • 485
Алдағы уақытта еліміздегі сот жүйесі өзгеруі мүмкін

Алдағы уақытта еліміздегі сот жүйесі өзгеруі мүмкін. Себебі біздегі алқабилер соты кенжелеп тұр.

Енді билер қарайтын істердің тізбесі кеңейтіледі. Яғни өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары көзделген аса ауыр қылмыстық істер алқабилер сотының қатысуымен қаралуы тиіс. Ол үшін заңға қежетті өзгерістер енгізіледі. Қазір Жоғарғы Сот осы мәселемен айналысып жатыр. Мұндай тың мәліметті Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметуллин айтты. Белгілі болғандай, елімізде қаралатын істерге көп жағдайда айыптау үкімдері шығарылады. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы 4 айында Жоғарғы сот кінәсіздігі дәлелденген 7 адамға қатысты қылмыстық істі тоқтатқан. Яғни адамды негізсіз қылмыстық тергеуге алу фактілері әлі де кездеседі.

Абай Рахметуллин, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– Біріншіден, бүгін қылмыстық іс сотқа түскенде судья оқығанда тек қана айыптау жағын оқиды. Адамның айыптау дәлелдерімен ғана танысады. Соны оқыған кезде одан пікір алдын ала айыптау пікірі туа бастайды. Сондықтан біз ондай пікір тумас үшін алдын ала қылмыстық істі жібермей, айыптау қорытындысын жіберіп, ал қорғаушы өзінің қорғау қорытындысын жіберсін деп айтып отырмыз. Содан кейін сотқа келгеннен кейін екі жақ келіп, соттың алдында өздерінің дәлелдемелерін береді. Сонда сот екі жағын естіп, сосын шешім қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы