385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана процесінде Түркия, Иран және Ресей бірлескен мәлімдеме жасады

  • 591
  • UPD: 18:23, 15.05.2018

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша өтіп жатқан Астана процесінде кепілгер мемлекеттер біріккен мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, екі күн бойына елордада өткен айтулы жиынға Сирия оппозициясының өкілдері, үкімет мүшелері мен кепілгер елдердің өкілдері қатысып, екі жақты және көп жақты келіссөздер жүргізген еді.

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

- Жуырда ғана Сирия мәселесі жөніндегі кепілгер мемлекеттер бірлескен мәлімдеме жасады. Құжатты ҚР СІМ орынбасары Ержан Ашықбаев оқып берді. Құжатта Астана процесінің бір жылдық жұмысы қорытындыланды. Басқосудың негізгі жетістігі ретінде оқ атуды тоқтатуды көздеуші деэскалация аймақтары туралы келісімді сақтаудың маңыздылығы атап көрсетілген. Бұл шаралар уақытша қолға алынған. Яғни Сирия тәуелсіздігіне ешбір нұқсан келтірмеді. Сирия халқына көмектесіп, онда бейбіт өмірді қалыптастыру маңызды. Бұл ретте медициналық көмек пен гуманитарлық жәрдемнің қолжетімділігін қамтамасыз ету керек.

Хабар 24 телеарнасы