387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілістің жалпы отырысында қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу мәселесі қаралады

  • 413
  • UPD: 07:24, 23.05.2018
Мәжілістің жалпы отырысында қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу мәселесі қаралады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

Алқалы жиында бірқатар маңызды заң жобасы қаралады. Олардың арасында қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу мен агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бар. Сонымен қатар тәуекелдік қаржыландыру және сайлау туралы заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қызу талқыланады. Сондай-ақ депутаттар діни қызмет пен діни бірлестіктер түйткіліне тоқталады деп жоспарланып отыр. Әлеуметтік қамсыздандыру жайында да сөз қозғалмақ.

Хабар 24 телеарнасы