388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

  • 707
  • UPD: 23:12, 23.05.2018

Бүгін Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесі өтті.

Кеңес отырысына ұйымның бас хатшысы Юрий Хачатуров пен Біріккен штаб бастығы Анатолий Сидоров қатысты. Қорғаныс ведомство басшылары Орталық Азия аймағындағы ортақ әскери қауіпсіздік туралы талқылап, 2019 жылға арналған құрама және құрылымдық күштер жүйесінің бірлескен даярлық жоспарын мақұлдады. Сондай-ақ 2020 жылға дейін одақтас елдердің әскери кадрларын дайындау тетігін жетілдіруді көздейтін тұжырымдама бағыттары пысықталды. Кеңестің кезекті отырысы осы жылдың екінші жартысында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Юрий Хачатуров, ҰҚШҰ Бас хатшысы:

– Осындай жиындарды жиі өткізіп тұру керек деп ойлаймын. Ұйымға ортақ мәселелерді оңай шешу үшін кеңес отырысының маңыздылығы зор. Бір-бірімізге деген сенімді нығайту мақсатында да аса қажет. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының беделі артып, бірлестікке мүше мемлекеттер арасында өзара сыйластық беки түседі деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы