389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Бразилия сотталғандарды еліне қайтару жөнінде келісімге келді

  • 383
  • UPD: 15:59, 25.05.2018

Екі елдің өкілдері тиісті құжатқа қол қойды. Енді шекара асқан қылмыскерлер жазасын өз елінде өтейді.

Мамандардың айтуынша, бұл халықаралық қылмыс жүйесінің жолын кеспек.

Қазақстандық-бразилиялық келісім халықаралық қылмыстық топтардың алдын орап кетті. Бұрын Астана мен Монғолия арасында болған мұндай жоба оң нәтиже көрсеткен болатын. Абақтыдан құтылмақ болған көптеген қаскөйлер шетелге қашып кетеді. Ал бұл құжат бойынша сотталғандар еліне қайтарылып, жазасын отанында өтейтін болды.

Никитос Самаленто, заңгер:

- Бразилия мен Қазақстан осы заңға сәйкес өз аумағында іздеуде жүрген өзге елдің азаматын ұстаған жағдайда, бір-біріне қайтаруға міндетті. Бұл халықаралық қылмыс жүйесіне үлкен соққы болатыны анық.

Бразилиялық заңгерлер мұндай өзгерістер жергілікті алаяқтар мен есірткі сатушылар үшін жайсыз хабар болды деп отыр. Өйткені, қылмыскерлер жазасынан сытылып кету үшін Астанаға әдейі қашқан кездері де болған.

Андре де Рман, Бразилиа муниципалитетінің криминалист-заңгері:

- Енді қылмыскерлер әлемнің қай бұрышына барып тығыларын білмей дал болады. Біз Астанамен келісім жасағанымызға ризамыз. Бұл құқық саласында жасалған үлкен қадам болайын деп тұр.

Халықаралық келісімдердің мұндай түрі Қазақстан Конституциясының 11-бабының талаптарына сәйкес, өз азаматтарын елден тыс жерде қорғауға кепілдік береді. Осы келісімді жүзеге асыру үшін тараптар жауапты ведомствоны да тағайындаған. Қазақстан үшін мұндай орган Бас прокуратура болса, Бразилияда қоғамдық қауіпсіздік пен әділет министрлігі болмақ.

Авторы: Рафаэль Франзони

Хабар 24 телеарнасы