367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ ҚК-де еліміздің жаһандық бастамалары талқыланды

  • 158
  • UPD: 21:28, 27.05.2018

Азаматтарды қарулы қақтығыстардан қорғау. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мамыр айындағы қорытынды отырысында осы тақырып кеңінен қозғалды.

Отырыс барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларының маңыздылығы айтылды. Дәлірек айтқанда, Мемлекет басшысының халықаралық гуманитарлық құқық аясында қарулы қақтығыстар аймағындағы бейбіт тұрғындарды қорғауға қатысты ұсыныс-пікірлері әңгіме арқауына айналды. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев аймақтық және халықаралық деңгейдегі қақтығыстарың алдын-алу шараларының маңыздылығына тоқталып, еліміз тарапынан Ауғанстанға көрсетіліп жатқан материалдық-гуманитарлық және техникалық көмек туралы атап өтті. Қазақстандық делегация БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иерусалимдегі оқиғаға қатысты шұғыл отырысына да қатысты.      

Ақан Рахметуллин, ҚР СІМ көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры: 

- Іс-шараның негізгі бөлімі Польша Президенті Анджей Дуданың төрағалығымен өткен жоғары деңгейдегі отырыс болды. Бұл жиын қарулық қақтығыстар кезіндегі халықаралық құқықты сақтау тақырыбына арналды. Аталған мәселе 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясында Қазақстан Президенті тарапынан да көтерілгенді. Нұрсұлтан Назарбаев бастамасында халықаралық құқықтарды айқындау үшін халықаралық конференция өткізу мәселесі айтылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы