385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы өзгеріске ұшырайды

  • 488
  • UPD: 13:34, 28.05.2018

2017-2021 жылдарға арналған еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы өзгеріске ұшырайды.

Бүгін Мәжіліс қабырғасында өтіп жатқан Үкімет сағатының басты тақырыбы осы.

Еліміздің агроөнеркәсіп кешені біраз өзгеріске ұшырайтын көрінеді. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Үкімет сағытында толық баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда ең басты мақсат ол Қазақстанның экспорттық әлеуетін анықтау болып табылады. Кейін оның көлемін екі жарым есе арттыру қажет болып тұр. Мәселен, тек ет экспортын 2миллиард 600 миллион долларға дейін жеткізуге барлық мүмкіндіктеріміз бар. Өйткені қазір қазақстандық ет өнімдеріне Сауд Арабиясы, Вьетнам, Ресей, Қытай елдері үлкен қызығушылық танытып отыр. Ал сүт, құс еті, жеміс, көкөніс өнімдерінің әлеуеті 1 миллиард долларға жетуі мүмкін. Шөкеевтің айтуынша, саладағы жоспаларды жүзеге асыру үшін министрлік бірлесіп жұмыс атқаруы тиіс. Яғни корпоративтік басқару кеңесін құрған жөн. Сондай-ақ жиында азық-түлік қауіпсіздігі және шаруаларға субсидия беру мәселесі жайында сөз қозғалды. Ауылшаруашылығы министрінің айтуынша, шарауалар арасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажет. Ол үшін тұқым шаруашылығына бірқатар жеңілдік беру жоспарда бар. Мәселен, қағазбастылықты азайтып, инвестициялық субсилиялауды 25 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бүгін Министрлік тарапынан Мәжіліс қабырғасында арнайы ауылшаруашылық көрмесі ұйымдастырлып отыр. Барлық келушілер елімізде шығарылатын үздік өнімдермен танысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы