389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ө.Шөкеев фермерлерді техникамен қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін атады

  • 420
Ө.Шөкеев фермерлерді техникамен қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін атады

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев фермерлерді техникамен қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін айтты.

Және алдағы бес жыл ішінде ауылшаруашылығы экспорты 2,5 есеге артатыны жайында да сөз болды. Бүгінде агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі бағыттары жөнінен ұзақ мерзімді салалық бағдарламалар әзірленген. Ендігі жерде етті мал шаруашылығын отбасылық фермалар түріндегі шағын шаруашылықтар дамытады. Ірі қара мал, қой және жылқы өсірумен айланысатын 80 мыңнан астам отбасылық ферма құру жоспары бар. 2027 жылға қарай сүт шаруашылығындағы отбасылық фермалардың санын 380-нен 930-ға дейін, ірі сүт-тауарлы фермалардың санын 108-ден 170-ге дейін, сүт зауыттарының санын 163-тен 174-ке дейін жеткізу көзделген. Жобаға қатысушылар үшін қолдаудың жекелеген шаралары ұсынылатын болады. Нәтижесінде сүт өндірісінің көлемін 2027 жылға қарай 1 млн тоннаға ұлғайту міндеті қойылып отыр. Пайдаланылатын жайылымдар алаңын 100 млн гектарға дейін ұлғаяды.

Хабар 24 телеарнасы