386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ саммитінде 20-ға жуық құжатқа қол қойылады

  • 631
  • UPD: 15:37, 06.06.2018

Шанхай ынтымақтастық ұйымы қауіпсіздік пен тұрақтылық сақтауда үлкен нәтижелерге қол жеткізді.

Үш қатер: терроризм, сепаратизм және экстремизмге бірлесіп қарсы тұру аймақтағы тыныштықты қамтамасыз етті.

Бас Хатшы Рашид Алимовтың айтуынша, 2013-2017 жылдары құзырлы органдар 600-ден астам террорлық әрекеттің алдын алып,  лаңкестер дайындалатын 500-ге жуық базаны жойды. Сонымен қатар 2000-ға таяу халықаралық террорлық ұйым мүшелерінің іс-әрекеті әшкереленіп, жолы кесілді. Қытайдың Циндао қаласында өтетін мемлекет басшыларының саммитінде де қауіпсіздік мәселесі басты назарда болады, дейді Еуропа және Еуразияны зерттеу институтының директоры Лю Хуацинь. Сонымен қатар, өзара сенімділік, экономикалық байланыс, стратегиялық даму жолдары да жан-жақты қаралады. Циндао саммитінде барлық саланы қамтитын  бас аяғы 20-ға жуық құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Әрине жиынның басты саяси құжаты Циндао декларациясы қабылданады. Сондай-ақ, ШЫҰ Хатшылығы мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады.

Лю Хуацинь, Еуропа және Еуразия институтының директоры:

- Құрамы кеңейгеннен кейін  алғаш рет бас қосатын ұйым жаңа кезеңге аяқ басады деген сөз. ШЫҰ құрылғаннан бері үш бағытты басты назарда ұстап келеді. Ол ең бастысы өңірлік қауіпсіздік, экономикалық әріптестік және мәдени байланыс. Әрине ШЫҰ-ның xалықаралық деңгейдегі ықпалын арттыру мәселелері де назардан тыс қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы