389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Нұрғалиев: ШЫҰ ілгері бағытта дамып келеді

  • 507
  • UPD: 15:50, 06.06.2018
Б.Нұрғалиев: ШЫҰ ілгері бағытта дамып келеді

17 жыл ішінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы тек аймақтық ғана емес, бүкіләлемдік саясаттың ықпалды құралына айналды.

Бұл жөнінде ұйымның бұрынғы бас хатшысы Болат Нұрғалиев мәлімдеді. Ұйым тарихындағы екінші басшы болған қазақстандық дипломат хатшылықты 2007-2009 жылдар аралығында басқарған болатын. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – саяси және экономикалық салмағына қарамастан, барлық мүше елдің мүддесін ескеретін халықаралық құрылымның үздік үлгісі. Оның беделі аймақта ғана емес, сонымен қатар, халықаралық аренада да беки түскен. Құрамына Үндістан мен Пәкістан ірі мемлекеттер кірген Астана саммитінен кейін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының беделі одан әрі арта түсті.  

Болат Нұрғалиев, ШЫҰ Бас хатшысы /2007-2009/:

- Мен әлі күнге Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-әрекетін бақылап отырамын. Ұйым алға қарай дамып, іргетасы болып қаланған біріктіруші идея өзінің оң серпінін беріп, өзара сенім, теңдік, ынтымақтастық, ішкі істерге араласпау жөніндегі Шанхай рухын сақтап келеді. Сонымен қатар бәрін біріктіретін тағы бір негіз - өз қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына қол жеткізу болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы