Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды.
Нәтижесінде өңірде екі жаңа аудан пайда болмақ. Енді Мақтарал ауданын бөлу нәтижесінде орталығы Жетісай қаласы болатын Жетісай ауданы, орталығы Мырзакент кенті болатын Мақтаарал ауданы құрылады. Сондай-ақ Сарыағаш ауданын бөлу нәтижесінде Сарыағаш және Келес аудандары құрылады.