386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы пікірі: Қазақстан – «Бір белдеу, бір жол» жобасының қаржылық орталығы

  • 451
  • UPD: 15:14, 09.06.2018
Сарапшы пікірі: Қазақстан – «Бір белдеу, бір жол» жобасының қаржылық орталығы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдағы мемлекеттік сапары «Бір белдеу, бір жол» жобасының дамып жатқанын көрсетіп отыр.

«Бұл мемлекетке геосаяси салмақ береді», – дейді Өңірлік мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев. Ресейлік сарапшының айтуынша, қазақ елі жаңа Ұлы Жібек жолының негізгі торабы ретінде жаһандық инфрақұрылымдық бағдарламаның қаржы орталығына толық айнала алады. Және ол қызметті «Астана» халықаралық қаржы орталығы атқаруға қауқарлы.

Дмитрий Журавлев, Өңірлік мәселелер институтының бас директоры:

– Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасының қаржы орталығы деп толық айта аламын. Егер біз Париж бен Бейжің арасын алып қарасақ, Қазақстанның көпір іспетті екі әлемді жалғап тұрғанын көре аламыз. Сондықтан бұл бағдарлама маңызды. Болашақта қазақ елі көлік хабы ретінде әлемдегі орнын ойып тұрып алады. Негізгі тетіктердің көбі Еуразия кіндігі арқылы жүргізілетін болады. Осы орайда елдің экономикалық қуаттылығы артады. Қазақстан көпвекторлы саясатты ұстануының арқасында Шығыспен де, Батыспен де одақтас. Бұл дұрыс саясаттың жемісі.

Хабар 24 телеарнасы