386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Шанхай сегіздігі» алдағы жоспарын жариялайды

  • 482
  • UPD: 09:34, 10.06.2018
«Шанхай сегіздігі» алдағы жоспарын жариялайды EADaily

Трансұлттық ұйымның әлеуеті артқан сайын өзара талқылап, жедел шешімді қажет ететін сала көп. Бүгін Қытайдың портты қаласы Циндаода Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 18-ші саммиті өтіп жатыр. Басқосуда Президенттер деңгейінде қаралатын құжаттар қандай?

Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 18-ші саммиті басталды. Ал ұйымға мүше мемлекеттрдің көшбасшылары түгелдей келді. Кеше кешкісін Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпин саммитке келген президенттердің құрметіне орай салтанатты қабылдау рәсімін өткізді. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ұйымға бақылаушы мәртебесіне ие елдердің де президенттері осында. Самиттің биылғы ерекшелігі – «Шанхай сегіздігі» алғаш рет бас қосқалы отыр. Былтыр Астанадағы саммитте Үндістан мен Пәкістан ұйымға мүшелікке өткен болатын. Аталған екі ел Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан алтылығын толықтырды. Осылайша трансұлттық алпауыт ұйымның әлеуеті күшейе түсті. Саммитте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның кеңейтілген отырысында үшінші болып сөз алмақ. Жалпы, саммитте ұзын-саны 20-дан аса құжат бекітілмек. Соның ең сүбелісі – Циндао декларациясы. Ең алдымен ұзақмерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылады. «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы да басты назарда. Шанхай сегіздігінің алдағы 5 жылда түрлі саладағы бірлігін бекемдейтін құжат бекиді деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Әлібек Әлиев  

Хабар 24 телеарнасы