386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандық саясаттанушы: Сегіздіктің ынтымағы – ұлттардың болашағы

  • 589
  • UPD: 12:49, 10.06.2018

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті әлемдегі жаңа экономикалық дәуірдің бастауы болмақ.

Үлкен еуразиялық сегіздіктің ынтымағы ұйымның тез дамуына септігін тигізді. «Ал өзара әріптестік жаһандық үрдістегі жаңғыру мен инновациялық жаңашылдыққа жол ашады», – дейді өзбекстандық саясаттанушы. «Бұл жиынның әсіресе іргесін жаңа түрген Өзбекстан үшін берері мол», – дейді оқытушы. Өйткені ұйым қауіпсіздікпен қатар сауда-саттықты дамытуды көздейді. Демек қай мемлекеттің болсын экспорты ұлғаяды. Нарықта бәсеке болады. Сол көшке ілескен ел ғана етек-жеңін жинай алады. Ұйымның мақсаты да осындай бірлескен экономикалық кеңістік құру. «Сондықтан бұл кездесудің мемлекет үшін де, оның экономикасы үшін де маңызы зор», – дейді саясаттанушы.

Шерзод Зиёев, саясаттанушы:

- Оң мүмкіндіктерді пайдалану арқылы әлемдік көшке ілесуге болады. Бұл жерде өзара экономикалық байланыс пен инвестициялық қамқорлық қажет. Бүгінгі таңда біз ең маңызды баспалдақта тұрмыз. Бұл Өзбекстанға ғана емес, басқа да бауырлас елдер үшін тиімді. Ұйымның қауіпсіздік саласында да алар орны ерекше. Мәселен, Ауғанстандағы жағдай біршама тұрақталып келеді. Дәл қазіргі таңда сол бірліктің арқасында Қазақстан мен Ресей, Беларусь пен алып Қытай сияқты елдермен арадағы барыс-келіс жақсара бастады.

Хабар 24 телеарнасы