386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлық сарапшы: ШЫҰ жастардың мәселесін назардан тыс қалдырмауы тиіс

  • 354
  • UPD: 16:20, 10.06.2018

Шанхай шет тілдері университеті Кеңесінің президенті Цзян Фэннің пікірі осыған саяды.

«Өз сөзінде сарапшы одақтас елдер жастары үшін ортақ бастама қолға алынып, арнайы алаң құруы керек», – дейді. Оның айтуынша, бұл болашақта елдер арасындағы бейбітшілікті сақтауға үлес қосатын жоғары білікті елшілерді де дайындау үшін қажет.

Цзян Фэн, Шанхай шет тілдері университеті Кеңесінің президенті:

- Біз тарихи сәттің куәсі болғалы тұрмыз. Өйткені Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті тұңғыш рет сегіздік форматында өтіп жатыр. Бұл формат ел басшыларына өзекті мәселелерді бетпе-бет талқылауға мүмкіндік береді. Кездесу шеңберінде аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау және халық тұрмысын жақсарту бағыттары пысықталады.

Хабар 24 телеарнасы