389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы пікірі: Жақын көрші алыс туыстан да маңызды

  • 540
Сарапшы пікірі: Жақын көрші алыс туыстан да маңызды

Кез келген мемлекеттік сапар ел басшылары арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін көрсетеді.

Осы арқылы Қазақстан мен Қытай өзара стратегиялық ынтымақтастықтың тұғырлы екенін байқатты. Сыртқы істер министрлігі, Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Жұмағұлов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Аспан асты еліне жасаған маңызды сапары туралы осылай деді. Оның айтуынша, екі ел «Бір белдеу, бір жол» жобасын өзара ұтымды пайдалануы қажет.

Айта кетейік, соңғы 6 жылда 27 келісімге қол қойылып, екіжақты алыс-беріс көлемі 67 млрд АҚШ долларына жетті.

Талғат Жұмағұлов, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы:

– Жақын көрші алыс туыстан да маңызды деген сөз бар. Қазақстан мен Қытай жақын көрші. 1800 км ортақ шекарамыз бар. Жалпы Қытай әлемдегі аса ірі экономика болып табылады. Гуманитарлық саладағы байланыстарымыз мол. Экономиканы айтсақ, 10,5 млрд долларға жетті былтырғы жылы екіжақты саудамыз.

Хабар 24 телеарнасы