365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттің бірқатар функциясы бәсекеге қабілетті ортаға беріледі

  • 237
  • UPD: 17:44, 13.06.2018

Бүгін Мәжілісте осындай заң жобасы қарастырылды.

Төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, құжат күшіне енсе, Елбасы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдардың аппараты қысқартылады. Заң жобасы әзірленгенде, Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып отандық нарықтың барлық мүмкіндігін терең зерттеді. Бизнестің мұндай жауапкершілікке қаншалықты дайын екендігі анықталды. Енді 3 кодекс пен 4 заңға өзгеріс енгізілмек. Олардың арасында экологиялық аудит, денсаулық сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау салалары бар.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қаралып отырған заң жобасында мемлекеттік функцияларды квазимемлекеттік сектордан бәсекеге қабілетті ортаға беру көзделмеген. Практикада мынадай жағдай қалыптасып қалған. Мәселен, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік кәсіпорындардың саны жетерлік. Және олардың саны нарықтың дамуына мүмкіндік бермейді. Мысалы, өрт қауіпсіздігі саласында 176 компания ІІМ және ИДМ ведомстволық ұйымымен қызмет көрсетеді. Осы саланы бәсекеге қабілетті ортаға беру жоспарда бар ма?

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Біз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тығыз жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мемлекет функциялары бәсекеге қабілетті ортаға берілсе, бизнес өкілдері өз қызметінде сапаға басымдық беруі тиіс. Көбінесе тапсырыс беруші өзі аудиторлық компанияны таңдайды. Болашақта бұл міндетті  сақтандыру компанияларының атқарғаны дұрыс болады.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, елімізде осы ұйымның бюросы құрылады. Алдағы жылдары құны 130 миллион долларды құрайтын бірлескен жобаны жүзеге асыру жоспарда бар.

Берік Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл бастамалар Қазақстанның халықаралық мәртебесін күшейтуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, халықаралық инновациялық практикаларды қолданып, ауыл шаруашылығын жаңғыртып, Елбасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту ел экономикасының ел қозғаушысы күшіне айналдыру тапсырмасын толықтай іске асыруға мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: « Елбасы ҰҚШҰ шеңберінде құпия ақпараттың сақталуы туралы келісімге өзгерістерді ратификациялады ҚР СІМ АҚШ пен Солтүстік Корея саммитіне қатысты мәлімдеме жасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы