369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес жиналысы өтті

  • 203
  • UPD: 22:22, 19.06.2018

Бүгін елордада Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің жыл сайынғы жиналысы өтті.

Жиында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем дамуындағы үрдістерді жан-жақты әрі терең талдау тұрғысынан келгенде кеңес тиімді пікірталас орталығы болуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ ол негізгі екі ағымның – жаһандану мен ұлтшылдықтың түйісуі салдарынан туындаған әлемдегі күрделі оқиғалардың сипаттарын атап өтті. Мәселен, «қазіргі замандағы халықаралық қатынастарда бірінші ретте нарық жолындағы күрес көрініс тауып отыр. Осыған байланысты ықпалдасу бірлестіктеріндегі процестер салмақты талдауды қажет етеді», – деді Сенат төрағасы.

Осы категория бойынша: « Елбасы Жарлығын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуге бір ай берілді Зияткерлік меншік саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы