367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық депутаттар Түркиядағы сайлауды бақылайды

  • 174
  • UPD: 14:07, 23.06.2018

Ертең Түркияда өтетін кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлауға қазақстандық депутаттар байқаушы ретінде қатысады.

Бұл туралы арнамыздың Түркиядағы тілшісі Ержан Жүніс хабарлайды. Ел қалаулылары Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Түркітілдес парламенттік ассамблеясы миссиясының құрамында саяси науқанды қадағаламақ. «Сайлау – Түркияның өміріндегі елеулі оқиға. Сондықтан жергілікті халық маңызы зор шараға аса жауапкершілік танытып отыр. Түрік халқы өзінің саяси таңдауын дұрыс жасайтынына сенеміз», – дейді Парламент депутаттары.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бауырлас Түркияның өміріндегі көзге түсіп тұратын бір ерекшелік – саяси өмірдің өте тығыз өтетіндігі. Тіпті тым тығыз өтеді деуге болады. Түркия халқы саясатқа ерекше көңіл бөледі. Мұндағы саяси науқанның барлығы ерекше қызу тартыспен өтеді. Мысалы, қазір ұлттық мәжілісіне 8 партия, ал президенттікке 6 кандидат түсіп жатыр. Біз кеше Ыстамбұлда болғанда біраз адамдармен көшеде сөйлестік, олардың барлығы сайлауға баратынын айтып, өздерінің ұстанымдарын білдіруге құлшынып отыр.

Осы категория бойынша: « Елбасы толеранттылық пен төзімділіктің айырмашылығын түсіндіріп берді Елбасының 22 жыл бұрын берген сұхбатынан үзінді жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы