367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Гаагада ХҚТҰ арнайы сессиясына қатысты

  • 151
  • UPD: 08:59, 29.06.2018

Химиялық қаруға тыйым салу конвенцияcына қатысушы елдер ұйымның мандатын ұлғайту туралы Ұлыбритания ұсынысын қабылдады.

Атап айтқанда, қауымдастық химиялық қару қолдануда кінәлілерді анықтау құзіретіне ие болады. Қазақстан өзге мемлекеттер қатарында британ жобасына түзету енгізуді ұсынған. Өкінішке қарай, басқа түзетудер секілді ол да дауыс беруден өтпей қалды. Біз Қазақстанның Нидерландтағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясовтан осы жағдай турасында пікір білдіруін сұраған едік.

Мағжан Ілиясов, ҚР Нидерландтағы елшісі, Қазақстанның ХҚТҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Қазақстан жаппай қырып-жою қаруының бүкіл түріне қарсы күресіп жүр және қуаты жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартқан. Осы орайда 2017-2018 жылдарғы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде осы халықаралық шараға белсене атсалысып, британдық әріптестері дайындаған негізгі қарар мәтініне түзету енгізуді ұсынған. Бұл түзетудің мәні осы ұйымдағы ашықтықты, сындарлы ынтымақтастықты және әріптестер арасындағы өзара түсінушілікті арттыруға бағытталған.

Осы категория бойынша: « Гүлшара Әбдіқалықова ұлттық-мәдени орталықтардың азаматтық форумына қатысты БҰҰ-да Елбасының лаңкестікке қарсы жаһандық коалиция құру туралы бастамасы талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы