365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Әбдірахманов пен М.Помпео Елбасының Вашингтонға жасаған сапарының нәтижелерін жүзеге асыруды талқылады

  • 141
  • UPD: 09:46, 29.06.2018
Қ.Әбдірахманов пен М.Помпео Елбасының Вашингтонға жасаған сапарының нәтижелерін жүзеге асыруды талқылады

2018 жылғы 28 маусымда Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті.

Екі елдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтарында АҚШ-қа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Майкл Помпео Қазақстан көшбасшысы сапарының маңыздылығын айрықша атап өтіп, АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда қол жеткізілген уағдаластықтарды және Қазақстанмен екіжақты әріптестікті дамытуды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Сұхбаттастар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелерінің кең ауқымын, атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Түрлі деңгейдегі екі жақты байланыстардың, оның ішінде халықаралық форумдар аясындағы кестесі қарастырылды.

Қазақстан Сыртқы істер министрі және АҚШ Мемлекеттік хатшысы аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша байымды пікір алмасты. Қазақстанның әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тарту тәжірибесі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мен Корей түбегінің ядролық қарусыздануына да қатысты жағдайды реттеу үшін үлгі болатыны атап өтілді.

Екі тарап өңірлік форматта жемісті өзара әрекеттестіктің маңыздылығын, сондай-ақ Ауғанстанның тұрақтылығын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан және Орталық Азияның АҚШ-пен және басқа әріптестермен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат қазақстандық жоғары оқу орындарындағы ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына, сондай-ақ Астанада өтуге жоспарланған «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсарту» жөніндегі Өңірлік конференциясына назар аударды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мемлекеттік хатшы Майкл Помпеоның Қазақстанға ыңғайлы уақытта сапар жасауы жөніндегі өзінің шақыруын растады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Осы категория бойынша: « БҰҰ-да Елбасының лаңкестікке қарсы жаһандық коалиция құру туралы бастамасы талқыланды Қазақстан Елшісі Монако Князіне сенім грамоталарын тапсырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы