374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Елшісі Монако Князіне сенім грамоталарын тапсырды

  • 127
  • UPD: 14:34, 29.06.2018
Қазақстан Елшісі Монако Князіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Франциядағы және Португалия мен Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Жан Ғалиевтің Князь II Альберге сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сұхбат барысында екіжақты деңгейде және халықаралық ұйымдар шеңберінде саяси диалогтың жоғары сапасы аталып өтті, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ қаржы, «жасыл» технологиялар, туризм және спорт саласындағы өзара ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды.

Елші Монако Князіне қазақстандық модернизациялау бағдарламалары және Мемлекет басшысының жолдаулары аясында ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы хабарлады. Сонымен бірге дипломат Қазақстанның «Астана» халықаралық қаржы орталығын, Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын, IT-стартаптар орталығын құру жөніндегі жоспарлары туралы баяндады. Осыған орай негізгі міндеттері жаһандық жылумен күресу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және «жасыл» жобаларды қаржыландыру болып табылатын Князь II Альбердің қорымен «жасыл» технологиялар саласында ынтымақтастық орнатуға нақты қызығушылық білдірілді.

Өз кезегінде 2012 жылы Астанаға ресми сапармен және 2017 жылы халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы Монако ұлттық күніне келген Князь Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның дамуына жоғары баға беріп, Астананың алдағы 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ ол елімізге мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда табыстар тіледі және екі елдің басым бағыттары бойынша князьдік Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіретінін атап өтті.

Сол күні Қазақстанның Елшісі князьдіктің Премьер-министрі Серж Телльдің қабылдауында болып, Монако Үкімет басшысының ағымдағы жылғы 4-6 шілдеде жоспарланған Астанаға сапары бойынша мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар сапар барысында Елші Монако Сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Джастин Хаймэнмен жеке кездесу өткізді. Тараптар князьдікте екіжақты инвестициялық форум, сондай-ақ Монакодағы қаржылық және іскерлік қауымдастықтар үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымын өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Осы категория бойынша: « Қ.Әбдірахманов пен М.Помпео Елбасының Вашингтонға жасаған сапарының нәтижелерін жүзеге асыруды талқылады Парламенттің үшінші сессиясында 84 заң жобасы қабылданған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы