369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парламенттің үшінші сессиясында 84 заң жобасы қабылданған

  • 202
  • UPD: 17:54, 29.06.2018

Бүгін Парламент қос палатасының бірлескен отырысы өтті.

Алтыншы сайланған заң шығарушы орган үшінші сессиясын аяқтап, жұмысын қорытындылады. Бірлескен отырыс барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Алқалы жиында сессия аясында қаралған заңдар мен болашақ жоспарлар пысықталды.

Алтыншы шақырылған Парламент палаталарының 3 сессиясының жұмысы жемісті болды. Бүгін депутаттар оны бір ауыздан растады. Заң шығарушы орган 18 Үкімет сағаты мен алты парламенттік тыңдау ұйымдастырған. Қос палата сессия барысында тиісті органдарға 374 депутаттық сауал жолдаған. Олардың 274-і Мәжілістен, ал қалған 100-і Сенат депутаттарынан болған. Парламент қабырғасында барлығы 129 құжат қаралып, олардың 84-і қабылданған.

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– 84 заңның қабылданып, 34 заң жобасы қаралып жатыр. 2 топқа жетекшілік жасадым. ҚХА туралы заңға Елбасы қол қойды.

Бүгін Мәжіліс төрағасы өткен сессия өте маңызды әрі тарихи кезеңде болғанын атап өтті. Ол Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы, ЕХРО 2017 және Астана процесімен тұспа тұс келді. Мұндай ауқымды шаралардың өтуі Парламент жұмысының бағытына жаңа серпін берді.  

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Осы шаралар – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық биік беделінің, ішкі және сыртқы саясаттағы ерен еңбегінің нақты көрсеткіші. Сонымен бірге үшінші сессия кезінде елімізде тағы бір тарихи оқиға болды. Президентіміз Парламентте өзінің бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Бұл – халқымыздың жағдайын күшейтуге арналған теңдесі жоқ, ерекше қадамдар. Депутаттарымыз осы бастамаларды заң жағынан қолдауға белсене араласты. Елбасымыздың басқа да тапсырмаларын жоғары деңгейде, сапалы заңдармен қамтамасыз ету – Парламенттің осы сессиядағы ең негізгі міндеті болды.

Үшінші сессияның жұмысында   әлеуметтің әлеуетін  артырып, елде кәсіпкерлікті дамыту туралы заңдарға ерекше басымдық берілді. Әсіресе, депутаттар ауыл тұрғындарын ауызсумен қамту мәселесін шешуге белсенді атсалысты.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Елді мекендерді дамыту бағдарламасына қаражат бөлінді. Аызсуға байланысты Елбасының тапсырмасы ауылды мекендер сумен қамтылады.

Енді депутаттар xалықпен кездесу үшін аймақтарға аттанады. Мұнда олар жергілікті тұрғындармен жүздесіп, көптің көкейіндегі түйіткілдер жайында сұрастырып, ұсыныстарын тыңдайды.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Өңірлерге бара жатырмыз. Күтіп отырған адамдар бар, пікір алмасамыз. Ұсыныс бар. Ел жағдайын көреміз. Халықтың талабын тыңдаймыз. Олардың ұсыныс-пікірлерін жинақтап, алдағы күзден бастап келесі кезеңге кірісеміз.

Келесі сессияның жұмысы қыркүйек айында басталады. Күзде қос палатаның депутаттары жаңа заң жобаларын талқылауға алып, халықтың игілігіне қызмет атқаруды әрі қарай жалғастырады.

Авторлары: Дариға Ташенова, Аят Дүйсенбаев

Осы категория бойынша: « Қазақстан Елшісі Монако Князіне сенім грамоталарын тапсырды ҚР мен Өзбекстан қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы