365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Парламенті сенаторлары Еуропалық кеңестің сессиясына қатысты

  • 167
  • UPD: 09:40, 01.07.2018

Қазақстан мен Еуропалық Кеңестің де парламенттік ассамблеясы арасындағы серіктестік жылдан жылға нығайып келеді. Еліміздің парламент сенаторлары аталмыш ұйымның кезекті жазғы сессиясына қатысты.

Төлеубек Мұқашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Еуропа Парламентінің депутаттары өздерінің сұрағын қойып, өздері жаңа Қазақстан, жаңа тәуелсіздік мемлекет ретінде үлкен осындай қызығушылық жасап, өздері керемет жақсы сұхбаттасты деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз осы Еуропа Парламентімен тығыз жұмыс жасау.

Сауле Айтпаева, ҚР Парламентінің Сенат депутаты, ҚР балалар құқығы жөніндегі уәкілі:

- Бұл Еуропалық Кеңестің кезекті парламенттік сессиясы. Жиынның негізгі тақырыбы әр кездесуде талқыланатын қауіпсіздік мәселесі. Онымен қоса балалар құқығы да қозғалды. Сонымен қатар қазақстандық сот реформасының таныстырылымы өтті.

Осы категория бойынша: « ҚР мен ГФР: стратегиялық серіктестік «Рухани жаңғыру» БҰҰ ұстанымына сәйкес »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы