369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Мексика Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

  • 184
  • UPD: 15:01, 04.07.2018
Елбасы Мексика Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы мен өз  атынан Андрес Мануэль Лопес Обрадорды Мексика Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Елбасы Мексика халқына бейбітшілік пен өркендеуді тіледі. «Саяси және қоғамдық қызметтегі мол тәжірибеңіз арқылы Мексика елінің одан ары өркендеуіне елеулі үлес қосып, оның әлемдегі беделін арттыратынына сенімдімін. Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында елдер арасындағы достық байланыс пен ынтымақтастық екіжақты тұрақтылық аясында дами бермек» делінген құттықтау хатта.   

Осы категория бойынша: « Өзге елдердің мемлекет басшылары Елбасын туған күнімен құттықтады Елбасы валюталық реттеуді және бақылауды жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы