374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанға Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы ресми сапармен келді

  • 310
  • UPD: 19:34, 04.07.2018

Бүгін елімізге Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян ресми сапармен келді.

Мәртебелі қонақты Елбасы Ақордада дипломатиялық дәстүрге сай күтіп алды. Тараптар екіжақты кездесу өткізіп, қос елдің экономикалық байланыстарын нығайта түсетін бірқатар құжатқа қол қояды деп жоспарланған.

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

– Ақордада әдеттегідей қызыл кілем төселіп, сарбаздар сап түзеп, Елбасы мәртебелі мейманды ерекше ілтипатпен қарсы алды. Бұл – шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның елімізге жасап отырған алғашқы ресми сапары. Бірақ xанзада бұған дейін де қазақ жеріне бірнеше рет ат басын тіреген болатын. Бұл тараптардың биылдыққа алғашқы жүздесуі емес. Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айында Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары кезінде тақ мұрагерімен кездесіп, елімізге шақырды.

Бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерімен алыс-беріс арада жорға жүретіндей деңгейге жетті. Сандарды сөйлетсек, былтыр сауда-саттық көлемі 2 есеге артып, 643 миллион долларға дейін жетті. Ал биыл 3 айда 143 млн долларды құрады. Жуырда визасыз жүйе орнағанын ескерсек, қос елдің экономикалық ынтымақтастығының әлеуеті жоғары. Осы тұста айта кеткен жөн, Біріккен Араб Әмірліктерімен дипломатиялық байланыс орнағанына биыл – 26 жыл. Берік ынтымақтастықтың іргетасын осы мұрагер ханзаданың әкесімен Нұрсұлтан Назарбаев бірлесіп қалады.

Кездесуде саясат, сауда-экономика, көлік-транзит, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жай-жапсары талқыланды. Келіссөздер нәтижесінде 3 құжатқа қол қойылады деген жоспар бар. Атап айтқанда, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Сауаб» xалықаралық орталығы радикализмге тойтарыс беру бағытында әріптестік орнатуды көздеп отыр. Ал Мәдениет және спорт министрлігі мен әмірліктердің мәдениет пен білімді дамыту ведомствосы бірлесіп, өнерді дамытпақ. Сондай-ақ қос ел арасында сотталғандарды беру жөнінде де келісім бекітілмек.

Осы категория бойынша: « Елбасы валюталық реттеуді және бақылауды жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды Елбасыға Азия Паралимпиялық комитетінің Құрмет ордені табыс етілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы