374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет хатшысы нейрохирургтер форумына қатысты

  • 166
  • UPD: 13:39, 05.07.2018

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Астанада өтіп жатқан нейрохирургтер форумына қатысты.

Жиында сөз алған Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының вице-президенті Александр Потаповты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқыды. Айта кетейік, бүгін елордада нейрохирургтер форумының соңғы үшінші күні өтіп жатыр. Шараға әлемнің 20 елінен мамандар келіп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Халықаралық форум Астананың 20 жылдық мерейтойы мен Ұлттық нейрохирургия орталығының 10 жылдығына арнап ұйымдастырылды.

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы:

- Қазір бұло жерде нейрохирургияның дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар отыр. Солардың бірі – академик, профессор Александр Александрович Потапов. Бұл нейрохирургтің есімін дүние жүзі біледі. Сізге зор денсаулық, кәсіби қызметіңізге табыс тілеймін. Ал бүгінгі жиын мамандарға пікір алмасу үшін жақсы мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: « Елбасы неліктен шыңдарға ұмтылатындығын айтты Мемлекет басшысының атына өзге елдердің президенттерінен құттықтау хаттары келіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы