374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

  • 232
  • UPD: 18:44, 05.07.2018
Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Президент заңнаманы «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Және Елбасы балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғайтын ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерді белгілеуге бағытталған «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысының атына өзге елдердің президенттерінен құттықтау хаттары келіп жатыр Н.Назарбаев: Астана – күллі қазақстандықтардың еңбегі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы