367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың 20 жылдығы мен Елбасы туған күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

  • 478
  • UPD: 13:31, 06.07.2018

Астананың 20 жылдығы мен Елбасы туған күніне орай Мемлекет басшысының атына келіп жатқан құттықтау хаттарының легі толастар емес.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин құттықтау жеделхатында Астана мен Мәскеу арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі дамып, жылдар өткен сайын берік боларына сенім білдірді. Путин хатында: «Сіз билік басына келген уақыттан бері Қазақстан халқының лайықты құрметіне және халықаралық аренада саяси беделге ие болдыңыз» делінген. Беларусия президенті Александр Лукашенко, екі халықтың достық қарым- қатынасын қалыптастыруда Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор екенін айтып, Беларус халқының зор ықыласын жеткізген. Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердымухамедов өз хатында, Елбасының барлық бастамаларына сәттілік, ал Қазақстан халқына бақ-береке және игілік тілеген.

Осы категория бойынша: « Қазақстан ДСҰ-ның сауда және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетін басқарды Мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылар Астанада бас қосты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы